АНАЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

АНАЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі көп балалы аналарды келе жатқан Аналар күнімен құттықтады. Әйел-аналарды құттықтау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылды, себебі ананы құрметтеу-бұл қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау.

Ұйымдастырушылар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері атанған үш анаға сыйлықтар ұсынып, әрқайсысына жан тазалығының, пәктіктің, даналықтың белгісі болып табылатын ақ орамал табыс етті.  

Белсенділер ең алдымен, Заречный ауылының тұрғыны, алты баланың анасы, 80 жасар кейуана Жібек Анықпайқызы Бибулованы құттықтады. Бүгінде ол 14 немере мен 9 шөберенің аяулы әжесі.  Жібек апай ауылдық кітапханада  жұмыс істеген, кез келген ортада сыйлы адам.


Сонымен қатар, Аналар кеңесінің мүшелері 32 жасар  Надежда Гудкованы құттықтады. Жас болғанына қарамастан, ол - жеті баланың анасы, «Алтын алқа» иегері.  Надежда  өзінің  жұбайымен 2007 жылдан бастап бірге өмір  сүріп келеді, үш қыз және төрт ұлтәрбиелеуде. Үлкен қызы -14 жаста, кіші баласы -3 жаста.  
          Үшінші сыйлық Қарасу ауданы  Комсомольское ауылының тұрғыны "Күміс алқа" иегері, 9 баланың анасы 72 жасар  Лариса Ивановна Вотчельге жіберілді.   Бүгінгі таңда  оның 26 немересі және 7 шөбересі бар.  Лариса Ивановнаның жұбайы өмір бойы механизатор, ал өзі Қостанай облысы  Қарасу ауданы Комсомольское ауылында сауыншы болып жұмыс істеген. Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлем тербейтін аналарымызды ардақтайық!

#QAZAQSTAN30