Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы

Мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

Ветеринариялық сертификаты алу үшін жеке және заңды тұлғалар тасымалдау басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын тиісті аумақтық бөлімшеге құжаттарды тапсырады.

Ветеринариялық сертификатты алу үшін келесі құжаттар қажет::

  • Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты, азықтарды тасымалдау кезінде ("Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағының Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қағадалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" символымен белгіленген өнімді қоспағанда) – сараптама актісінің көшірмесі (сынақ хаттамасы).

Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) оны берген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаны әкету (экспорттау) үшін пайдалануға жол беріледі:

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген өндіріс объектісі бекіткен және өнімді мониторингтік зерттеу жоспарының (бұдан әрі – мониторинг жоспары) болуы;

- сараптама актісін (сынақ хаттамасын) пайдалану кезеңінде, оны берген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнімнің сәйкестігіне;

4) иттер пен мысықтарды тасымалдау (орнын аусытыру) кезінде – ветеринариялық паспорттың көшірмесі;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне ауыстырылған (тасымалданған) және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесін ауыстыра отырып объектілерді тасымалдау (тасу) кезінде – ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;

6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу үшін өтініш беруші электорондық өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы келесі алгоритм бойынша береді:

e.gov порталы – электрондық лицензиялау – «ауыл шаруашылығы» санаттары бойынша қызметтерді таңдаймыз – қызметтер тізімінен «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» таңдаймыз – авторизациядан өтіп, өтінішті толтырамыз. Өтінішке келесі құжаттардың сканерленген нұсқасын тіркейміз:  

  • меншік құқығында тиісті үй-жайлардың болуын немесе жалдау шарты құқығында тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжат;
  • ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжат (бланкінің құны 410 теңге).

Көрсетілетін қызметті алушы өндіріс объектісіне есептік нөмір беру үшін «электрондық үкімет » порталы арқылы мынадай алгоритм бойынша электрондық өтініш беретінін қосымша хабарлаймыз:

e.gov порталы – электрондық лицензиялау – «ауыл шаруашылығы» санаттары бойынша қызметтерді таңдаймыз – қызметтер тізімінен «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» таңдаймыз – авторизациядан өтіп, өтінішті толтырамыз. Өтінішке келесі құжаттардың сканерленген нұсқасын тіркейміз

Бұл ретте, өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытта берілген өндіріс объектісіне оның ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті инспекция кеңсесі электрондық түрде ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қабылдайды.

Осы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша                                       Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі 55А мекен-жайы бойынша орналасқан «ҚР АШМ ВБ және ҚК Қостанай ААИ» ММ-не жүгіну қажет, телефон 8-71455-3-81-32.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/moa?land=ru.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс               орталығы 1414.