Қостанай ауданының БЖСМ жаттықтырушылары мен ұстаздарымен деструктивті діни ықпалдың белгілерін талқыладық

Қостанай ауданының БЖСМ жаттықтырушылары мен ұстаздарымен деструктивті діни ықпалдың белгілерін талқыладық

14 маусым күні Тобыл қаласының «Астана» спорт кешені базасында «Теріс діни ұйымдар – отбасы мен қоғамға қауіп» атты тақырыпқа сұхбат өтті.

Деструктивті діни ағамдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы Юлия Калюжная, орталық тәжірибесімен алынған мысалдардан бұрынғы адептілердің және олардың отбасыларында теріс діни ықпалдан кейін  пайда болған негативті салдарлар туралы айтып өтті. Сонымен қатар адептілердің өздері өздерінің психологиялық денсаулықтарын толық қалпына келтіру мен қоғамдағы өмірге қайта оралу үшін қандай қиын және ұзақ жол жүретінін сөзге тиек етті.

Сондай – ақ қатысушылар адамның деструктивті ықпалға түскенін қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын талқылады және оған қандай көмек беруге болады деген сұрақтарға жауап алды. Осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыз онда 87010663131 нөміріне хабарласыңыз. Психолог кеңесі тегін.  

Аталмыш іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің  «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай  облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.