Жастар және дін: өзекті деген мәселелерді талқылауды жалғастырып келеміз

Жастар және дін: өзекті деген мәселелерді талқылауды жалғастырып келеміз

Қостанай ауданында жастарды теріс діни ұйымдардың қызметі туралы ақпараттандыруды арттыру мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жоба өз жалғасын табуда. Оны бірнеше жыл қатарынан ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығы  іске асыруда.Түсіндіру жұмыстарына облыстық АТТ мүшелері, теологтар, философтар, саясаттанушылар, психологтар жұмылдырылған.

10 қыркүйек күні мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын Қостанай ауданының жоғары сынып оқушыларымен екі онлайн кездесу ұйымдастырылған болатын.

Іс-шара Шырақбек Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясымен бірлесе отырып ұйымдастырылды, онда экстремизм мен терроризм үшін сотталғандармен жұмыс жасайтын қазақстандық полицейлердің біліктіліктерін арттыруға арналған алаң болып табылатын экстремистік идеологияға қарсы әрекет ету бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің мамандарын дайындау орталығы әрекет етеді. Осы орталықтың басшысы полиция майоры Мырзабек Туйганов оқушылармен сұхбат кезінде деструктивті діни ұйымды қандай белгілер бойынша анықтап білуге болатынын, экстремистік ұйымдарға алдап арбау қалай іске асатынын, соның ішінде ғаламтор кеңістігі арқылы қалай болатынын түсіндіріп өтті. Полицей қызметінде болған жағдайларды мысалға келтірді.

Деструктивті ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы Юлия Калюжная осыған ұқсас ұйымдарға фанатикалық қызмет етудің негативтік салдары мен бұрынғы адептілерге көмек көрсету шараларын айтып өтті.

Аталмыш іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің  «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай  облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.