Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялау

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) (бұдан әрі -  қолданысқа енгізу туралы Заң) қолданысқа енгізу туралы  2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121–VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.

Қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанында мынадай жеке тұлғалар:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі - сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың.

Анықтама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Президентінің                     2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде берілген.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, яғни 2020 жылғы                   31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) жасалады.

Декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:

1) қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

2) электронды түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей табыс етіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

 

Қостанай ауданы бойынша МКБ