Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 07 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 187 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,6 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 85, Рудный қ. - 32, Әулиекөл ауданы-15, Қарабалық ауданы-14, Денисов ауданы-11, Жітіқара қ-10, Меңдіқара ауданы-7, Лисаковск қ.-6, Алтынсарин ауданы-4, Қарасу ауданы-3 жағдай.
173 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 13 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 166 адамда ауру белгілері болды, 21 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 07 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 30 475 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 26 542 .
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 305 152 адам, екінші компонентпен 259 273 адам вакцинацияланды.