Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау туралы

Бүгін Қостанай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен жаңа тағайындалған аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рамиль Сайфиулин Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексін мүлтіксіз ұстану туралы жиын өткізді.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметкерлер сыртқы келбетіне ерекше назар аударып, қатаң іскерлік стильді ұстануды, киім таңдау кезінде классикаға басымдық беруді ұсынды, мемлекеттік қызметкер лайықты мінез-құлықтың үлгісі болуы тиіс екенін еске салды. 
Сонымен қатар ішкі тәртіп, мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру мен заңнама шектеулерін сақтау мәселелері талқыланды.
Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жолданған барлық сұрақтарға жауап берді.