Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 13 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 98 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,55 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. - 23, Жітіқара қ. – 10, Әулиекөл ауданы – 8, Лисаков қ. - 7, Арқалық қ. – 5, Сарыкөл ауданы – 2.
71 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 21 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 6 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 86 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 13 шілде аралығында COVID-19-дың 17680 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны –16624.