Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 12 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 95 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,54 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 33, Рудный қ. - 21, Арқалық қ. – 19, Әулиекөл және Қарабалық аудандарында 5 – ден, Лисаков және Сарыкөл ауданында 3 – ден, Алтынсарин және Қарасу аудандарында 2 – ден, Денисов және Б.Майлин аудандарында – 1.
79 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 13 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 80 адамда ауру белгілері болды, 15 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 шілде аралығында COVID-19-дың 17582 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 16581.