2021 жылдың 18 маусымына ақпарат

2021 жылдың 18 маусымына ақпарат
    1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін жасалған шаралар.

     Қостанай ауданы бойынша дүкендер шеңберінде апта сайын бағалар мониторингі жүргізіледі. 2021 жылдың 18.06. жағдайы бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 87 теңге, қант 290 теңге, тауық еті кг 700 теңге, 1 сорт ұн бағасы 140 теңге, 10 жұмыртқа бағасы 248 теңгені құрады. Басқа әлеуметтік тауарлар бағасы тұрақты.

    Бағаның өсіруін болдырмау үшін Қостанай ауданы кәсіпкерлерімен 107 меморандум, 168 келісім шарт жасалған. Ауданның 7 дүкенінде әлеуметтік нанды 87 теңгеге сататын әлеуметтік сөрелер құрылған.

    1. Дүкендерде сату үшін тұрақтандыру қорынан таңдалып алынған тауарлар бойынша.

    2021 жылдың 18 маусымдағы жағдайы бойынша Қостанай ауданы дүкендерімен «Тобол» ӘКҚ тұрақтандыру қорынан келесі тауарлар таңдап алынды: рожки 1,22 тонна, күріш 0,45 тонна, қант 0,30 тонна, сұйық май 1,26 тонна, тауық еті 0,08 тонна, жұмыртқа 405 720 дана.

    Бүгінгі күні аудан бойынша 65 дүкен «Тобол» ӘКҚ тауарларды таңдап алуға келісім-шарт жасады

    Бағаны тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізіледі, 2021 жылы ауданда 1 жәрмеңке, және ауданның АШТӨ қатысқан 3 облыс жәрмеңкелері 15-20% жеңілдікпен  66,4 тонна тауар 41,4 млн.теңгеге сатылып өткізілді.