Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 09 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 35 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,21 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 19, Рудный қ. - 5, Әулиекөл ауданы – 4, Жітіқара, Қарабалық және Мендықара аудандарында 2-ден, Амангелді ауданында - 1.
29 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 09 маусым аралығында COVID-19-дың 16086 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15485.