Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 07 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 36 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,22 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 18, Рудный қ. - 5, Әулиекөл ауданы – 4, Қарабалық ауданы – 3, Мендықара және Сарыкөл аудандарында 2-ден, Жітіқара және Федоров ауданында - 1.
22 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 5 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 07 маусым аралығында COVID-19-дың 16015 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15238.