Құс тұмауының алдын – алу іс-шаралары

Құс тұмауының алдын – алу іс-шаралары

Құс тұмауы - үй құстарының, синантропты және жабайы құстардың эпизоотия немесе энзоотия түрiнде өтетiн, респираторлық органдар мен асқазан-iшек жолдарының зақымдануымен, жалпы әлсiреумен, өнiмдiлiктiң төмендеуiмен сипатталатын жоғары зардапты ауруы және ол тұмаудың А қосалқы типiнiң әртүрлi антигендiк нұсқаларынан пайда болады. 

 

Жұқтыру жолдары

  • Індетті және өлген үй және жабайы құстардан тығыз байланыста болғанда адамға жұғуы мүмкін.  

Ауруға шалдыққан үй және жабайы құстардың тәбеті жоғалып, жемнен бас тартады, бұлшық еттерінің жансыздануына (параличке ұшырауына) байланысты, қанаттары салбырап, жүргенде шатқаяқтап, сүріне береді. Мойыны салбырап, бастары 180 градусқа бұрылып кетуі мүмкін, тамағы мен айдары ісініп, мұрындарынан су ағып, түшкіре береді.                                                                                                                                                                                                                                      

– Ауру құстардың жұмыртқасы мен етін тамаққа пайдаланғанда  қатты қыздырылып өңделмеген жағдайда құс тұмауы адамға жұғуы мүмкін. 

– Сырқаттанған құстардың зәр шығаруы да қауіпті, олар өсімдікке, ауаға, суға түсіп, адамдарға суға түскенде, суды ішкенде, сонымен қатар, ауа-тамшымен, ауа-тозаңмен, лас қолдар арқылы жұғады. Құс тұмауының вирусы минустық температурады сақталады, бірақ температураны +70оС қыздыру кезінде вирусты бірнеше минутта өлтіреді. 

        

Адамдағы құс тұмауы ауруының белігілері

Ауруды жұқтырғаннан кейінгі бірінші белгілері бірнеше сағаттан бастап 5 күнге дейін созылуы мүмкін. Құс тұмауы ауруы қатты қалтыраудан басталып, дене қызуы  38оС бастап жоғары көтеріледі, бұлшық еттері және басы, тамағы  аурады. Нәжісі сұйық, қайта – қайта құсады. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. 2-3 күннен кейін қан аралас  ылғалды жөтел басталып, ентігіп қалады. Сосын тыныс алу қиындайды. Бауыр, бүйрек ми зақымдануы мүмкін. Аурудың бірінші белгілері білінген жағдайда, диагнозын бекіту үшін жедел дәрігерге қаралуы қажет және уақытында ем – шара алуы керек. Өйткені, ауруды жедел емдемесе асқындырып алуы мүмкін.

 

Құс тұмауын емдеуі препараттары

Ауруға шалдыққанда бірінші күндері вирусқа қарсы препараттар қолданылдады: гамма-интерферон, арбидол, ремантадин, альгирем, гриппферон, циклоферон және амиксин. Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы шетел өндіретін препараттардан  озельтамивир және занамивир дәрілерін пайдалануды ұсынады.                                                                                                            

Құс тұмауын емдеу үшін салициловый қышқылы бар препараттарды қолдануға болмайды.

 

Алдын-алу шаралары

Үй шаруашылығында, базарда, ашық су қоймаларында құстардың көп шоғырланған жерлерде үй және жабайы құстармен байланыста болмау қажет.  Үй құстарын тек қана азаматтардың жеке ауласында серуендету қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Құс тұмауының эпизоотия тіркелген аумақтарда, сауда-саттыққа  рұқсат етілмеген жерлерден жұмыртқа және құс еттерін сатып алуға болмайды. Ішетін суды бөтелкеден немесе қайнатылған су ішу қажет.                                                        

Көпшілік адамдар бар жерлерде және көлікте дезинфекция үшін  вирусқа қарсы белсенді  дезинфиция жасайтын препараттарды қолдануға болады.

«Қазакстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы»

 мемлекеттік мекемесі

Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі,  55А үй, тел. 3-81-32