«Ересек өмір – ересек жауапкершілік» Психологтар ерте аяғы ауыр болудың алдын алу бойынша сұхбатты Заречный мектеп-лицейінде өткізді

«Ересек өмір – ересек жауапкершілік» Психологтар ерте аяғы ауыр болудың алдын алу бойынша сұхбатты Заречный мектеп-лицейінде өткізді

Қазақстанда 15-19-жастағы  жасөспірімдердің қаламаған жүктілік жағдайында баланы қалдыру туралы шешімді дамыған шет елдермен салыстырғанда алты есе көп қабылдайды екен. Электронды денсаулық сақтаудың республикалық орталығының деректері бойынша соңғы үш жылда ерте бала көтеру фактілері өсім алуда. 2019 жылы Қазақстанда 15-17 жастағы 16151 аяғы ауыр жасөспірім тіркелген.

5 мамырда Заречный мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен аталмыш тақырыптағы сұхбатты Қостанай облысының психологтары қауымдастығының басшысы Юлия Калюжная өткізді.

Кездесудің қатысушылары балалар мен жасөспірімдерде романтикалық сезімнің оянғаны кезінде болуы мүскін жағдайларды талқылады, бейнесюжеттер қарады, рухани адамгершілік жайлы, даналық пен әйел адамның ар-намысы, балалардың дүниеге келуіне деген жауапкершілік, түсік жасату салдары туралы, жыныс арқылы берілетін инфекцияларды жұқтырып алмас үшін өздерін қалай қорғай алады   және болашақты қалай ұйлесімді мықты отбасыны құруға болады деген сұрақтарды талқылап, жауап іздеді.

Қыздар жас аналар  мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерден қандай көмек ала алатындарын, сонымен қатар қиын жағдайларда психологиялық қолдау қызметтері туралы ақпарат алды.

Қостанай ауданында Отбасыны ресурстық қолдау орталығына жүгінуге болады 87010663131.

Іс – шара Қостанай ауданы әкімдігінің

«Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының

психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.