16 сәуір күні Қостанай ауданында «Қостанай облысының әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Президенттің бастамалары мен Қазақстан Республикасы бағдарламалық құжаттарын, ақпараттық-түсіндіру орталығының қызметін ұйымдастыру»жобасы бойынша онлайн-кездесулер өтті.
Кездесу ұйымдастырушылары - «Sanaly urpaq-2050» Қоғамдық Қоры
Кездесуде «Отбасы банк» АҚ өкілдері, «Экологиялық реттеу бөлімі» жетекшісі,Қостанай қаласындағы «Ана үйі» Қоғамдық Қорының өкілі , Қостанай ауданы бойынша ҚР ҰКП «Атамекен» өкілі спикерлер ретінде сөз сөйледі. Әркім өз жұмыстары, жобалары жайлы айтып кетіп, аудан тұрғындарының барлық сұрақтарға жауап берген болатын.