"Алдын алу басым бағыт болуы тиіс"

"Алдын алу басым бағыт болуы тиіс"

"Алдын алу басым бағытқа айналуы тиіс" - деп мәлімдеді Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Дмитрий Малахов.
"Биыл біз мемлекеттік органдармен және азаматтық белсенділермен бірлесіп, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша елеулі жұмыс атқардық. Бүгін біз тығыз серіктестік жолымен жүруді жалғастырудамыз және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша үдемелі қозғалысты жалғастыруымыз қажет" - деп мәлімдеді ол отырыс барысында - "осы институттардың барлық әлеуетін пайдалану қажет. Халықты БАҚ әлеуметтік желілері арқылы ақпараттандыру, халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу".
Өз кезегінде Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов қала мен ауданда "ашық бюджеттердің интерактивті картасы"сияқты бірегей жоба табысты іске асырылып жатқанын атап өтті. Бұдан басқа, азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге Тобыл қаласында ашылған "Көмек аланы"сервистік әкімдігі елеулі көмек көрсетеді. Өңірлік арнайы мониторингтік топтың, ақпараттық-ағартушылық штабтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мүшелері белсенді жұмыс жүргізуде. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың тиімділігі азаматтық сектормен тығыз өзара іс-қимылда ғана көрініс табады