"Тобыл-көмек алаңы" алаңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді

"Тобыл-көмек алаңы" алаңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Дмитрий Малахов пен ведомство төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева "Тобыл – көмек алаңы" фронт-офисінде болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
"Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында өткен жылы облыстың 64 мекемесі Open Space форматына көшті. Ағымдағы жылы сервистік модельге көшу бойынша жұмыстар облыстың басқа да халық тығыз орналасқан ауылдарында жалғасатын болады" - деді агенттік басшысының орынбасары Д.Малахов.
Қостанай ауданының әкімі Ж.К. Тәукенов "Тобыл көмек алаңында" халыққа консультативтік көмек көрсетілетінін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшыларымен әлеуметтік желілерде азаматтарды қабылдау және тікелей эфирлер өткізілетінін хабарлады.