Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 10 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 33 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,23 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ.-18, Рудный қ. -8, Қостанай ауданында -4, Арқалық қ., Қарасу және Меңдіқара аудандарында 1-ден..
26 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 29 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 10 сәуір аралығында COVID-19-дың 14161 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 12446.