Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді

Бүгін 2021 жылғы 09 сәуірде сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілдері Қостанай ауданының Қоғамдық кеңесімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Тобыл қаласындағы Халыққа қызмет көрсету бөлімімен бірлесіп Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтық хал актілерін тіркеу, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау мәселелері бойынша 5 адам қабылданды.