Тұрмыстық зорлық - зомбылық пен балаларға қатысты зорлық – зомбылық мәселесі Отбасыны ресурстық қолдау орталығының психологтары мен Қостанай ауданының мектеп оқушыларының ата – аналарымен талқыланды.
Психологтар қауымдастығының төрағасы Юлия Калюжная тұрмыстық зорлық – зомбылықтың түрлерін және ол не нәрседе көрініс табатынын талқылап өтті; DAP (Domestic Abuse Project Миннесот штаты, АҚШ) тұрмыстық зорлық – зомбылықпен қарсы күрес жөніндегі орталықтың тәжірибесі туралы айтып өтті. Ең қызығы олар 50 жылдың ішінде жұмыс жүйесін қалыптастыра білді, ол 60% жағдайында отбасыны сақтап қалуға және агрессор мен құрбанды зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас құруға мүмкіндік береді.
Пікірталасты әйелдер неге қорлаушыдан кетіп қалмайды және балалар үшін шыдап жүре беру дұрыс па сынды сұрақтар тудырды. Оның жауабы негативті салдардарды анықтағаннан кейін табылды, ол дегеніміз зорлық – зомбылық пен ата-ана тарапынан немқұрайдылықды басынан өткізген балаларда болашақта туатын негативті салдарлар. Бұл психологиялық мәселелердің жалпы спектрі, одан кейінгі олардың бақытты болуға қабілеттілігінің жетпеуі.
Психолог Елена Каримова кеңес беру тәжірибесінен алынған мысалдармен бөлісті және отбасыдағы зорлық – зомбылық мәселесі анда-санда ғана болатын мәселе емес және зардап шеккендер мен олардың отбасының мүшелері бұл мәселе туралы ешкімге айтпағандықтан одан да бетер қорқынышты жағдай туғызатынын білмейді. Олар бұл мәселені кіммен талқылауға болатынын білмейді, ұялу мен кінәлі сезім кешеді. Жауапкершілік пен полиция қызметтерінде қарастырылған осындай отбасыларға құқықтық көмек шаралары туралы ақпаратты ұсынды.
Барлық спикерлер отбасыдағы зорлық – зомбылық мәселесін шешу көбінесе қоғамның бей-жай қарамауына, әрбір адамның бейтаныс адамның мәселесіне бей – жай қарамауына байланысты екенін айтты. Балалармен үнемі байланысты болатын мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар, сонымен қатар көршілері бір мәселенің бар екенін бірінші анықтай алады және бала мен оның отбасына уақытылы кәсіби көмек көрсету үшін мамандарға жібере жібере алады.
Психологиялық көмекті тегін 87010663131 телефон нөмірі бойынша Отбасыны ресурстық қолдау орталығынан алуғ болады.
Аталмыш іс – шара Қостанай облысының Білім беру басқармасының «Қостанай ауданының Білім беру» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.