
Көптеген адамдар үшін некені бұзу процесі моральдық жағынан да, бюрократиялық жағынан да жағымсыз. Бұл мақалада біз жиі қойылатын сұрақтарға жауап бере отырып, ажырасуды рәсімдеу тәртібін мүмкіндігінше нақты сипаттауға тырысамыз.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі некені тоқтату тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Некені бұзу үшін қайда жүгіну керек
Некені екі жолмен бұзуға болады – АХАТ арқылы (азаматтық хал актілерін тіркеу ) немесе сот арқылы. Осы жолдардың әрқайсысының өз шарттары бар және біз оларға толығырақ тоқталамыз.
АХАЖ арқылы ажырасу тәртібі
Ерлі - зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіскен кезде, кәмелетке толмаған ортақ балалары болмаған кезде және олардың өзара, соның ішінде мүлікке қатысты шағымдары болмаған кезде АХАЖ-ға жүгінуге болады.
Бұл ретте, кәмелетке толмаған балаларының болуына не болмауына қарамастан, егер ерлі - зайыптылардың біреуін сот хабар - ошарсыз кеткен, әрекет қабілеті шектеулі не әрекетке қабілетсіз деп таныса, сондай-ақ егер қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған болса, АХАЖ-да неке бұзылуы мүмкін.
Егер осы шарттардың барлығы орындалса, онда ажырасуға өтінішті eGov.kz порталының электрондық қызметі арқылы онлайн режимінде беруге болады
Сот арқылы ажырасу тәртібі
Некені бұзу сот арқылы жүргізіледі:
Сотта неке бұзылғаннан кейін куәлік алу үшін АХАЖ органына жүгінудің қажеті жоқ, өйткені тіркеу рәсімі автоматтандырылған және соттан алынған мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасында оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.
Некені (ерлі - зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде тегі өзгерген кезде азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды айырбастауға міндетті.
Өзгертілген тегіне жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган некені (ерлі - зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде береді.
Қостанай ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі