Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 20 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 69 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,6 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 43 тұрғыны, Рудный қ. - 6, Жітіқара қ. және Әулиекөл ауданында 5 жағдайдан, Лисаков қ. - 4, Алтынсарин ауданында – 3, Денисов ауданында – 2, Амангелді ауданында – 1 жағдай.
49 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 17 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 20 ақпан аралығында COVID-19-дың 11851 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10325.