Сонымен, көптен күткен күн келді. Сіз барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көбірек уақыт бөлу керек және «Азаматтарға арналған үкімет» МЕАҚ МК (ХҚКО) бару қажеттілігі Сізді қиын жағдайға душар етеді.
Бұл жағдайда проактивті қызмет ыңғайлы болады, ол баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, оны балабақша кезегіне қоюға және жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін, мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет.
Қызмет мүлдем тегін, тек телефон нөмірінде оң баланс болуы керек.
Бала туғаннан кейін, бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, Сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты кезең - кезеңімен сұратумен құттықтау СМС жібереді. СМС, сондай - ақ Телеграм -ботқа сілтемені қамтиды, Телеграм қосымшасының көмегімен қызметті алу мүмкіндігін білдіреді.
Қызмет көрсету үшін, қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтіндер баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС - сұрау салу арқылы сұратылады.