Пара беру

Пара беру

Өздерінің мәселелерін ыңғайлы әрекет ететін жолмен шешу үшін  көптеген  азаматтар пара береді. Сондай-ақ олар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе делдал арқылы пара беру қылмыстық жазаға тартылатын іс-әрекет болып табылатындығын естен шығарады. Қылмысты анықтап қараудың субъектісі 16 жасқа толған тұлға бола алады. ҚР ҚК 367б. 1, 2 ескертулерінде, егер бұл тұлғаның  іске асқан әрекеттері (әрекетсіздер) алдын ала келісіп қойылған болмаса, екі айлық есептік көрсеткіштердің шамасынан аспайтын ерте іске асқан заңдық әрекеттер (әрекетсіз) сыйының соммасы немесе құнына, тұлғаға бірінші рет табыстау қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны туралы айтылған.

Пара берген тұлға, егер оның қатынасында тұлға жағынан параны күштеп алушылық орны болмаса немесе егер тұлға пара беру туралы арнайы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

    ҚР ҚК 367 бабына сәйкес. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның оннан жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

   Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырмадан отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

   Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

  1. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
  2. ірі мөлшерде;
  3. бірнеше рет жасалса, –

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыздан қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

   Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, –

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырықтан елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы