Қостанай ауданы әкімі Жансұлтан Таукенов аудан әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды

Қостанай ауданы әкімі Жансұлтан Таукенов аудан әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды

Қостанай ауданы әкімі аппаратының басшысы  лауазымына Тұрымов Айдар Маратұлы тағайындалды.
Айдар Маратұлы 1992 жылы Амангельді ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары – 2014 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетін құқық бакалавры мамандығын алған. Еңбек жолын 2014 жылы "Қостанай ауданы әкімінің аппараты"  мемлекеттік мекемесінен заңгердің көмекшісі болып бастаған.
Аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалмас бұрын Қостанай облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.