Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

«Қостанай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығының 6-тармағына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органы – Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және Қостанай ауданы бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі қалыптастырылуда.

Сондай – ақ, жоғарыда айтылған ереже тармағымен жергілікті өкілді орган – «Қостанай аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесінің мамандарына көтерме жәрдемақы және Қостанай ауданы бойынша 2021 жылға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.

2021 жылға арналған сұранысқа ие мамандық тізбесіне сәйкес мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтініштер мен құжаттар шешім қабылданғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы қабылданады.