«Тәуелсіздік — ең қымбат»

«Тәуелсіздік — ең қымбат»

Қазақстан Президенті өзінің "Тәуелсіздік — ең қымбат" атты мақаласында ел аумағының ата-бабаларынан мұраға қалдырылғандығы туралы айтты. "Ата — бабаларымыздан қалған қасиетті жеріміз-біздің басты байлығымыз. Бұл үлкен аумақты қазақтарға сырттан ешкім берген жоқ. Біздің бүгінгі тарихымыз 1991 немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Біздің халқымыз мұнда Қазақ хандығы кезінде, содан кейін Алтын Ордада, түркі қағанатында, ғұндар мен сақтарда өмір сүріп, өсіп отырды. Бір сөзбен айтқанда, біздің ұлттық тарихымыздың тамыры тереңде жатыр. Жалпы, тарихты саясаткерлер емес, тарихшылар зерттеуі керек", - деп жазды Мемлекет басшысы.

 

  • Серғазина Роза Кемелқызы, Қостанай аудандық мәслихатының аппаратының басшысы
    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласындағы лейтмотив – бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Ұлтымыздың жылдар бойы армандап, ата-бабамыздың қаны мен терімен келген егемендігіміз, қастерлі Тәуелсіздігімізді асқататуға әрқайсымыз үлес қосуға дайын болуымыз керек.
    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласында тәуелсіздіктің отыз жылы сарапталынып, тәзбектеліп шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастырылған. Бірінші – жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі.
    Екінші – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымыз түгенделіп, Солтүстік Арал құтқарылып, қашқан теңізді қайтарылңан кезең.
    Үшінші кезең – тағы бір онжылдық, ел шаңырағы биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналған шақ дегеніне толықтай келісемін. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының, халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік»-деп айтылған.
    «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеттері тізбектелген. Алдымызда саяси-экономикалық реформалардың және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажеттігі айтылған.
    Алдымызда талай-талай белестер бар, оларды бағындыруға, үлкен, қуатты, бай, салиқалы мемлекет құруға біздің табандылығымыз бен біліміміз, рухымыз бен патриоттық жігеріміз жетеді деп ойлаймын!

 

  • Ильминская Вера Яковлевна, Қостанай ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы
    Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Тәуелсіздік – ең қымбат" атты мақаласын оқыдым. Мақалада Қазақстандықтардың отыз жыл ішінде бастан кешкендері, қалыптасудың барлық кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтылады. Отыз жылдағы елдің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін анықтай отырып, Президент өткен отыз жылдағы барлық нәрсені талдап, келесі онжылдықтың міндеттерін белгіледі.
    "Барлық жетістіктерге Елбасының жеке көшбасшылығы мен халқымыздың даналығы мен парасаттылығының, ынтымағы мен ауызбіршілігінің, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді", - делінген мақалада. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікіріне қосыламын. Осы қиын жолда Мемлекет басшысы елді бүкіл әлемге дәріптеп, үлкен жетістіктерге жеткенін ұмытпаған жөн.
    Бұл, ең алдымен, Елбасының даналығы мен көрегендігінің көрінісі және халқымыздың даналығы. Біз әлемге өркениетті ел екенімізді, жоғары саяси мәдениетіміз, бай дәстүрлеріміз және өз тарихымыз, тұтастығымыз бар екенін дәлелдедік.
    Тәуелсіздікке апаратын жол неғұрлым қиын болса, соғұрлым ол одан әрі жауапты болады. Жас ұрпақ тәуелсіздік сабақтарын мойындап, құрметтеп, бағалай білуі керек. Тәуелсіздік-бізге бәрінен қымбат. Сондықтан біз барлығымыз еліміздің игілігі үшін, халқымыз үшін, оның әл-ауқаты, рухани баюы үшін жұмыс істеуге тиіспіз.