Бүгін Қостанай ауданы әкімінің бастамасымен ашық диалог алаңы түріндегі кеңес өтті

Бүгін Қостанай ауданы әкімінің бастамасымен ашық диалог алаңы түріндегі кеңес өтті

Қазіргі уақытта Қостанай ауданында 41 ауылдық елді мекенде интернетке қолжетімділік бар. Пандемияға байланысты халықтың көп бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге және оқуға көшті. Байланыс мәселесі кейінгі жылдары маңызды мәселелердің бірі болып табылады, бұл халық арасында әлеуметтік шиеленісті тудырады. Қостанай ауданының жекелеген ауылдарының тұрғындары ұялы байланыс пен интернеттің болмауы мәселесін әрдайым көтеріп тұрады. Бүгін Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукеновтың бастамасымен осы мәселелерді шешу үшін бірқатар құзыретті лауазымды тұлғалардың қатысуымен ашық диалог алаңы түріндегі кеңес өтті.