Әке жанында болса – алынбайтын асу жоқ

Әке жанында болса – алынбайтын асу жоқ

Бүгін Заречный жалпы білім беретін №1 мектебінде Қазақстандағы Әкелер күніне арналған «Әкемен бірге» атты отбасылық тимбилдинг өтті.

Іс-шараға Тобыл қаласындағы мектеп-гимназия, Тобыл қаласының №1 мектебі, Заречный мектеп-лицейі және Заречный жалпы білім беретін №1 мектептің командалары қатысты. Психолог Ирина Рудидің жетекшілігімен балалар, әкелер, ата-аналар мен педагогтер командалық сынақтардан өтіп, сенім, өзара қолдау және бірлікті нығайтуға бағытталған тапсырмаларды орындады.

Осындай іс-шаралардың басты құндылығы – уақытты бірге өткізу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және баланы тәрбиелеудегі әкенің маңызды рөлін тағы бір мәрте көрсету. Әр команда ұйымшылдықты, жауапкершілікті, өзара көмек көрсетуді және ортақ жеңіске ұмтылысты паш етті.

Тимбилдинг қорытындысы бойынша барлық командалар арнайы номинациялармен марапатталды:
🏆 «Мүмкіндігі мол команда»;
🏆 «Әкелік өнегенің күші»;
🏆 «Ізгі өзгерістер көшбасшылары»;
🏆 «Отбасылық бірлік мекені».

Барлық командаларға фитбол доптары сыйға тартылып, балалар тәтті сыйлықтарға ие болды. Ал әкелерге тимбилдингке белсенді қатысқаны және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар әкелерге көрсеткен сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, жауапкершілік пен батылдықтың жарқын үлгісі болғаны, сондай-ақ балаларына сенімді тірек, ақылшы және адал дос бола білгені үшін ерекше ризашылықтарын білдірді.

Іс-шара Қостанай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан отбасын нығайту жобасы аясында ұйымдастырылды.