Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, Қостанай ауданы әкімдігі Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, (Қостанай ауданы әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша 2026 жылғы 29 маусымда сағат 09:00-да шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ-де өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 2026 жылғы 08 маусымнан бастап 2026 жылғы 26 маусымға дейін (қабылдау уақыты сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, мекенжайы: Қостанай облысы, Тобыл қаласы, Казахская көшесі, 5.

​Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма - қол, пошта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

«Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін, конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма - қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.