Қостанай ауданында «Парыз» байқауы басталды

Қостанай ауданында «Парыз» байқауы басталды

2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының өңірлік кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды бастады.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау жыл сайын «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлық қарастырылған.

Байқауға қатысу тегін.

Биыл үміткерлердің өтінімдерін қабылдау «hr.enbek.kz» электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушінің жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары қағаз және электрондық тасымалдағыштарда жүзеге асырады.

Аудан кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.  

Өтінімдерді қабылдау - 2026 жылғы 1 шілдеге дейін.

Толық ақпарат алу үшін 8 (71455) 26046 телефоны бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүгінуге болады.