Құрметті сайлаушылар

Құрметті сайлаушылар

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі - бұл сіздің сайлаушылар тізімінде болуы.

Жергілікті атқарушы органдар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылар тізімдерін жасайды.

Нақтылы сайлау учаскесінде сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сіздің осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуіңіз фактісі негіз болып табылады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ ол қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.

Егер Сізге тұрғылықты жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, сіз (сайлауға 30 күн қалғанда 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей) өзіңіз уақытша тұратын жердегі әкімдікке сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесін сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Сайлаушылар тізіміне енгізу және алып тастауға, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық мәселелер бойынша Сіз Call орталықтың телефоны арқылы хабарласа аласыз: 8 (71455)23039,  8(71455)22546