Қостанай ауданында жастар мен ересектермен болған дін туралы әңгіме

Қостанай ауданында жастар мен ересектермен болған дін туралы әңгіме

15 қазанда діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық АТТ мүшелері Алтынсарин ауылының жастарымен кездесу ұйымдастырды. Саясаттанушы, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ қауымдастық профессоры - Ғазиз Шаймерден теріс идеологияның  адам мен қоғам өмірінің барлық саласына теріс ықпалы туралы айтып өтті.

Юлия Калюжная (деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы) өз тәжірибесінде болған мысалдар келтірді,  ол деструктивті діни ұйымдардың ықпалына түскен адамдарды қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын айтып өтті, олар бойынша жақын адамдары олардың атылмыш ұйымдарға түскенін анықтай алады және дер кезінде мамандарға жүгіне алатынын айтты.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыныз діни уағызшының арбауына түссе, немесе сізді діни бағыттағы іс-шараға қатысуды талап етсе мына телефон нөміріне хабарласыңыз 8 7142 540955.

Іс-шара «Қостанай ауданының Ішкі саясат

бөлімі» ММ тапсырысы бойынша

Қостанай облысының психологтары

қауымдастығымен ұйымдастырылды.