Дін және жастар: сауатты болу аса қажет

Дін және жастар: сауатты болу аса қажет

15 қазанда Половников ауылында діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық АТТ кездесу ұйымдастырды.

 Саясаттанушы, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ қауымдастық профессоры - Ғазиз Шаймерден  әлеуметтік желілер арқылы алынатын ақпаратты сыңи тұрғыдан қабылдау қажеттігінің маңыздылығы жайлы жастармен сөз қозғады, сонымен қатар экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін жауапкершілік жайлы айтып өтті.

Юлия Калюжная (деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы) өз тәжірибесінде болған мысалдар келтірді, ол бүгінгі таңда теріс діни ұйымдардың арбауына түсу кезінде ешкім сақтанбағанын айтып өтті. Өз қызметінде діни ғылыми терминдерді  ("қоршаған ортаның энергетикасы", "ғарыш энергиясы", "логос" және т.б.) жиі қолданатын деструктивті діни секталардың желідегі ерекшеліктері жайлы талқылады. Олар мораль талаптарына, қоғамның діни құндылықтарына күмәнмен қарайды, әлемді ирационалды қабылдауды қалыптастырады, адам өмірі оған тиесілі емес екендігі туралы ой салады.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыныз діни уағызшының арбауына түссе, немесе сізді діни бағыттағы іс-шараға қатысуды талап етсе мына телефон нөміріне хабарласыңыз 8 7142 540955.

Іс-шара «Қостанай ауданының Ішкі саясат

бөлімі» ММ тапсырысы бойынша

Қостанай облысының психологтары

қауымдастығымен ұйымдастырылды.