Бүгін аудан әкімі Жансұлтан Тәукенов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауын, карантиндік шараларға сәйкес қашықтықтан өткізді. Әңгіме тұрғын үй үлестіру, кезекке тұру, жер мәселесі, жекешелендіру тақырыптарында өрбіді.
Жеке қабылдауға он кісі жазылып, әрқайсысы аудан басшысы алдына бірнеше мәселемен келген болатын. Қабылдау барысында шағым айтқан әр азамат тиісті жауабын алды.