Александровка ауылдық округінде жол инфрақұрылымын дамытуға 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді

Александровка ауылдық округінде жол инфрақұрылымын дамытуға 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді

2025 жылы Александровка ауылдық округінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ауылдық аумақтарды дамытудың басым бағыттарының бірі – кірме және кентішілік жолдардың жай-күйін жақсарту жөніндегі шаралар кешені белсенді іске асырылуда.

 Бұл туралы Жергілікті тұрғындармен кездесуде ауылдық округ әкімі Алтынбек Нұртаев мәлімдеді.

Округте көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 301,5 млн теңге бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында и. Ф. Павлов атындағы ауылда Школьная көшесіндегі жолға орташа жөндеу жұмыстары 32 млн теңгеге орындалды.

Сонымен қатар, 164,5 млн теңге көлеміндегі қаражатқа Александровка ауылындағы – Октябрьская, Комсомольская және Мира көшелеріндегі кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Еңбек ауылында 19 млн теңгеге кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Еңбек және Александровка ауылдарында жалпы сомасы 86 млн теңгеге кірме жолдар жөнделді.

-Округтің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жол инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай қолдау көрсетті, олар жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға белсене қатысып, осы мақсаттарға өз қаражаттарын жұмсады. Мәселен, «Борис-Романовское» ЖШС и.Ф. Павлов атындағы ауылдағы үш көшені орташа жөндеу үшін техникалық құжаттаманы әзірлеуге 1,5 млн теңге бөлді. «Александровское» ЖШС Александровка ауылындағы бес көшені жөндеу үшін техникалық құжаттамаға 2,5 млн теңге бөлді. «Еңбек-2019» ЖШС Еңбек ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу үшін құжаттама әзірлеуге 1,5 млн теңге бөлді, – деді Алтынбек Нұртаев.