Бұл жұмыстар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыстың ауылдық аумақтарын дамыту шеңберінде іске асырылады.
Округ әкімі Алтынбек Нұртаев халықпен кездесуде айтқандай, Жуковка ауылында қол қойылған меморандум аясында 40 миллион теңге сомаға саябақ аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Бүгінде жаңа саябақ ауылдың барлық тұрғындары үшін қоғамдық өмірдің орталығы және демалыс орнына айналды.
Ал Александровкада Жеңіс саябағына ағымдағы жөндеу жүргізілді, оған 500 мың теңге тартылды.
- Ойын алаңдарына ерекше көңіл бөлінді. И. Ф. Павлов атындағы ауылда «А. А. Жұмағұлов» шаруа қожалығының қолдауымен жаңа ойын алаңы орнатылды. Жобаның жалпы құны 3 миллион теңгені құрады, оның жартысын шаруашылық меморандум шеңберінде, ал қалған бөлігін бюджет қаражатынан бөлді. Еңбек ауылында балалар алаңының қоршауы орнатылды, бұл балалардың қауіпсіздігін арттырды, - деді округ әкімі жергілікті тұрғындарға.