Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылды.
Осы тапсырманы орындау үшін Қостанай ауданының Тобылында көлемі 1100 литр болатын 125 жаңа еуроконтейнер орнатылып, беріктігі мен тазалығы үшін кірпішпен қапталған 26 контейнерлік алаңға күрделі жөндеу жүргізілді.
Пилоттық режимде алаңдардың жанына 3 бейнебақылау камерасы орнатылды, олардың бейнесі полицияның кезекші бөліміне түседі. Бұл рұқсатсыз қоқыс шығару фактілерін жедел анықтауға мүмкіндік береді және тұрғындардың тәртібін арттырады.
Қазірдің өзінде 18-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес шаралар қабылданды.
Бұдан басқа, «Горизонт-2012» ЖШС — мен серіктестікте еуроконтейнерлерге қызмет көрсету және ірі габаритті қалдықтарды шығару үшін екі заманауи қоқыс тасушы сатып алынды.
Абаттандыру жұмыстары ауылдық округтерде де жалғасады: келесі жылы Заречное және Мичурино ауылдарында 16 контейнерлік алаңды жаңғырту және 50 контейнер орнату жоспарлануда.