Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасына сәйкес өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту және жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, ауылдық елді мекендердегі жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлініп, бұл тұрғындардың өмір сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
2025 жылы Қостанай ауданында жол желісін дамытуға 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 28 көшеде 11 шақырымнан астам асфальт төселді, Белозерка ауылына кіреберіс жолды жөндеу жобасы жүзеге асырылуда, елді мекен ішілік және аулалық жолдар жаңартылып жатыр. Бірқатар ауыл көшелеріне алғаш рет асфальт төселуде.
Жұмыстар сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен келісімшарт жасалып, 65 сынама зертханалық талдаудан өткізілді.
Жол инфрақұрылымын кешенді жаңғырту — бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына, сондай-ақ өңірдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам.