Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру

2025 жылғы 3 маусымда Қостанай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен «Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараны Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Инновациялық білім беру»                        ИО қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, құқықтық ағарту және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Қатысушылар сарапшыға сұрақтар қойып, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Олардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, мемлекеттік институттарға деген адалдық пен сенім мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Бірге-сыбайлас жемқорлыққа қарсы!