2024 жылы 504,4 мың қазақстандық жалпы сомасы 895,3 млрд теңгеге тууға және бала күтіміне жәрдемақы алды

2024 жылы 504,4 мың қазақстандық жалпы сомасы 895,3 млрд теңгеге тууға және бала күтіміне жәрдемақы алды

Төлемдер мемлекеттік жәрдемақыларды дамемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдерді де қамтидыдеп хабарлайды ҚР Еңбек министрлігі. Республикалық бюджеттен бала туылған кездегі жәрдемақыға 64 млрд теңге бөлінді, оған 378,1 мың адам ие болды. Төлем мөлшері АЕК-ке байланысты: бірінші, екінші немесе үшінші бала үшін 149 416 теңгетөртінші және одан кейінгі балалар үшін 247 716 теңге. 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы 126,3 мың алушыға тағайындалды, жалпы сомасы 41,6 млрд теңгені құрады. Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 22 648 теңгеден (бірінші бала үшін) 34 995 теңгеге дейін (төртінші және одан да көп бала үшін) өзгереді.