
Зияткерлік жарыс қорытындысы бойынша Шымкенттен келген оқушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті-алты қатысушының бесеуі олимпиада жүлдегерлері атанды.
Күміс медальдарды үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысы Дастан Рахыманберди және "Al-Farabi Bilim"мектебінің оқушысы Сұлтан Паизхан жеңіп алды.
"Зияткер-Білім" мектебінен Зейнин Мырзахмет, "Бәйтерек" Зияткерлік мектебінен Әміре Бақтбек және "Parasat AJ"орта мектебінен Диас Уайс қола жүлдегер атанды.
Республикалық олимпиаданың ұйымдастырушылары ҚР Білім министрлігінің "Дарын" ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Ұлттық Банкі және қаржы мониторингі агенттігі болды.