Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Ол экономиканың дамуын тежейді, инвестициялық ахуалға әсер етеді және азаматтардың сенімін төмендетеді.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Елімізде оның алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, заңнама жетілдіріліп, жауапкершілік күшейтілуде.
Маңыздысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек мемлекетке ғана емес, әрқайсымызға байланысты. Әр азаматтың өз міндеттерін адал атқаруы, заңды сақтауы және жеке жауапкершілігі – ортақ іске қосқан үлесі.
Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп, әділетті қоғам құра аламыз.
Айсарин ауылдық округінің әкімі
Б. Нұрғазин