ULTTYQ ÓNIM

ULTTYQ ÓNIM

Астана қаласында 2025 жылғы 16-18 мамыр аралығында «ЭКСПО» көрме кешенінің аумағында «ULTTYQ ÓNIM» қазақстандық өндірушілердің  VIII көрмесі өтеді. Жобаның ұйымдастырушылары – Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады.

Үш күн бойы көрмеге келушілер отандық өндіріс өнімдерімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінің үздік брендтері шығарған азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, қаптама  және т.б. сатып ала алады. Барлық қатысушылар – «Даму» қорының қолдауына ие болған компаниялар.

Сондай-ақ, көрменің бағдарламасы бойынша қазақстандық дизайнерлердің сән көрсетілімі, дәм тату, жүлделер ұтыс ойындары, семинарлар және жарқын концерттік бағдарлама қарастырылған.

Іс-шараға кіру тегін.