2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының (Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1) аумағында салалық көрмелерді, оның ішінде машина жасау және металлургия бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмені біріктіретін «ONDEU EXPO» өңдеу өнеркәсібінің V Халықаралық көрмесі (бұдан әрі – көрме) өтуде.
Іс-шараны ұйымдастырушы «Астана - Экспо КС» көрме компаниясы» ЖШС, серіктес – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылады.
Бұл көрме өңдеу өнеркәсібі жабдықтарының жетекші өндірушілері, өнім берушілері мен тұтынушылары, мемлекеттік сектор және бейінді бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің басты кездесу орны болып табылады.
Көрменің негізгі бағыттары машина жасау және металл өңдеу, су өнеркәсібі, химия өнеркәсібі болып табылады.
Көрме алаңы – 7 262 ш.м. құрайды.
Көрмеге өнеркәсіп үшін жаңа жабдықтар мен технологияларды, дайын отандық өнімдерді, сондай-ақ перспективалы инвестициялық жобаларды ұсынатын өнеркәсіптің әртүрлі салаларынан 250-ден астам компания қатысады.
Сонымен қатар, аталған іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтың қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
Ағымдағы жылы Қостанай облысын 11 кәсіпорын делегациясы ұсынады.
Экспозициялық залда өз өнімдерін: автомобиль өндірушісі – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» АҚ комбайндар, тракторлар және егіс кешендерін өндіруші, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС және «Азурит» - ПТФ» ЖШС тігін фабрикасы ұсынады.
Сонымен қатар, көрмеде өндірушілер өздерінің жаңа өнімдерін – Jetour X 70 Plus шағын торапты құрастыру автокөлігін және John Deere шынжыр табанды тракторын көрсетті.
Бұл көрме саланы қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар негізгі іс-шараларды қамтиды, сондай-ақ компаниялар үшін өз өнімдері мен қызметтерін кең аудиторияға ұсынуға тамаша мүмкіндік береді.