«САЛАМАТ» компаниясы» ЖШС

«САЛАМАТ» компаниясы» ЖШС

«САЛАМАТ» компаниясы» ЖШС – 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар,                                10 мың шаршы метр қойма және 15 мың шаршы метр өндірістік үй-жайлары бар заманауи диірмен кешені. Кәсіпорын «UGUR» фирмасының заманауи түрік жабдықтарын пайдалана отырып жұмыс істейді, өзінің логистикалық инфрақұрылымы, зертханасы бар. Бүгінгі таңда компания Қостанай облысының аумағында ұн өндірушілердің бірі болып табылады, ал шығарылатын ұн тарту өнімдерінің көлемі мен сапасы бойынша елдегі жетекші орындардың бірін алады.

Кәсіпорын жыл сайын 300 000 тонна астық өңдейді. Дайын өнім Ауғанстанға, Қытайға, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түрікменстанға және Иракқа экспортталады.

 «САЛАМАТ» компаниясы» ЖШС кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының бірнеше мәрте қатысушысы болып табылады. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаумен кредиттеу есебінен кәсіпорын өнімділігі тәулігіне 1 000 тонна диірмен кешенін және жүк автокөлігін сатып алды, сондай-ақ негізгі құралдарды толықтырды.

Алдағы жылы компания сату нарықтары мен өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту есебінен ұн өндірісін жылына 1 000 000 тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, бұл сатып алушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.