Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бюджетке түсетін жүктемені төмендету үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының базасында шағын және орта бизнес пен ірі инвестициялық жобаларға несие беру үшін кепілдік қорлары ашылды. Бұл шара жыл сайын 50 мыңнан астам бизнес-жобаларды қамти отырып, кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі кезінде несиелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
ШОБ үшін кепілдік қоры Үкіметпен, екінші деңгейдегі банктермен және жеке инвесторлармен бірлесіп құрылды. Кепілдіктер берудің негізгі шарттары: несие сомасы – 7 млрд. теңгеге дейін, кепілдіктің ең жоғары мөлшері – несие сомасының 85% - на дейін, бірақ 3,5 млрд.теңгеден аспайды, қолданылу мерзімі-несие мерзімінен аспайды.
Ірі инвестициялық жобалар үшін кепілдік қорының капиталы «Бәйтерек» холдингі мен басқа да заңды тұлғалардың салымдары есебінен қалыптастырылатын болады. Өнеркәсіп, АӨК, энергетика, байланыс, көлік, туризм, денсаулық сақтау және білім беру салаларына жеке инвестицияларды тартуға басты назар аударылады.
Ірі бизнес үшін кепілдіктер берудің негізгі шарттары: жобаның құны - 7 млрд. теңгеге дейін, өзінің қатысуы – жобаның жалпы құнының кемінде 20%, кепілдіктің ең жоғары мөлшері – жоба құнының 30%, қолданылу мерзімі – 15 жылға дейін.
Қаржыландырылған сомасының қалған 80% Қазақстанның даму банкін, Аграрлық несие корпорацияны және Өнеркәсіпті дамыту қорын қоса алғанда, екінші деңгейдегі банктерден, халықаралық қаржы ұйымдарынан және/немесе холдингтің еншілес ұйымдарынан несие түрінде берілетін болады.
Бүгінгі таңда Қор жұмысына «Банк ЦентрКредит», «Halyk Bank» және «Freedom Bank» қатысады.
Кепілдік алу үшін кәсіпкер тікелей «Даму» қорының банктеріне немесе өңірлік филиалдарына, сондай-ақ 1408 нөмірі бойынша сall-орталыққа жүгінуі қажет.