Қарыз беру туралы хабарландыру

Қарыз беру туралы хабарландыру

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асырудың үлгілік қағидаларында айқындалған Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі екінші тетікті іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру туралы хабарландыру (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы              29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген).

«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне Премьер-Министр орынбасарының бұйрығымен айқындалған өнім тізбесі бойынша                     400 000 000 (төрт жүз миллион) теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз беруге қатысу үшін өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы                        11 мамырдағы № 166-НҚ:

1) бірінші сұрыпты бидай ұны;

2) бірінші сұрыпты (формалы) бидай ұнынан пісірілген нан);

3) макарон (өлшемді);

4) қарақұмық жармасы (ядро, өлшемді);

5) тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, өлшемді);

6) картоп;

7) асханалық сәбіз;

8) басты пияз;

9) ақ қырыққабат;

10) ақ қант-құмшекер;

11) күнбағыс майы;

12) сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі);

13) тауық еті (оған іргелес еті бар аналық және тибия);

14) майлылығы 2,5% пастерленген, жұмсақ орамдағы сүт;

15) майлылығы 2,5% жұмсақ орамдағы айран;

16) сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толтырғыштарсыз және өсімдік майларынсыз);

17) тауық жұмыртқасы (I санат);

18) ас тұзы («Экстрадан» басқа»);

19) сүзбе: майлылығы 5-9%.

Өтінімдерді қабылдау қолма-қол (қағаз тасымалдағышта) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, №5 кабинет (облыстық филармония ғимараты) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік субъектісі қарыз беру үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;

2) төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;

3) Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

4) Азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) болуы;

5) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;

6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;

7) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің: кепіл, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде болуы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.

Өтінімдерді қабылдау уақыты: 2025 жылғы 07 сәуірден11 сәуірге дейін қоса алғанда.

Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру үшін негізгі өлшем Қостанай облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша сауда-бөлшек қызметін жүзеге асыру не облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл және/немесе банк кепілдігі және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктері/кепілдемелері және/немесе корпоративтік кепілдік түрінде ұсынылады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін.

Мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға қарыз берілмейді. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.

Қарыз беру туралы қорытынды шешімді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі Комиссия қабылдайды.

Туындаған сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

Беркенова Айым Куанышевна – 50-31-54.

Аманкулов Ержан Ермекович – 50-31-54.