Австралиялық және канадалық фермерлердің әдістемелерін Қазақстан үшін бейімдеу жолымен «Терра» ЖШС 2009 жылдан бастап ірі қара мал өсіру, сондай-ақ етті өңдеу және консервілеу қызметін жүзеге асырады. Кәсіпорын негізінен «Абердин-Ангус» тұқымына маманданған.
Өндірістік қуаттылығы бір уақытта 20 000 басты ұстауға мүмкіндік береді, «Терра» ЖШС бордақылау алаңы республикадағы ең ірі алаң болып табылады. «Терра» ЖШС иелігінде шаруашылық жүргізу үшін күрделі құрылыстары бар ауданы 13 211 гектарды құрайтын жер учаскелері бар. «Терра» ЖШС өндірістік қуаттылықпен толық қамтамасыз етілген, мал шаруашылығы үшін жемшөп дайындаумен жақсы материалдық-техникалық жарақтандырылған.
2024 жылы Кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы шеңберінде «Терра» ЖШС «Қазақстан қор биржасы» АҚ - KASE арқылы облигациялар шығару есебінен жобаны іске асыру үшін қаражат тарты, ол бойынша мемлекет есебінен жылдық 6% - ға дейінгі купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Қолдаудың бұл түрі облыс аумағында алғаш рет іске асырылуда.
Облигацияларды орналастыру кәсіпорын үшін капитал нарығына шығудың маңызды қадамы болды. Тартылған қаражат ірі қара малды бордақылаудың негізгі элементі болып табылатын арпаға деген жылдық қажеттіліктің 20% жабуға мүмкіндік берді. Азықпен қамтамасыз ету бордақылау алаңының барлық әлеуетін пайдалана отырып, бордақылау үшін ірі қара мал сатып алуға мүмкіндік береді. Дайын өнім Қазақстанның ішкі нарығында да, экспортқа да сатылатын болады. 2024 жылғы 12 тамызда Анкара қаласында кәсіпорын Түркияға сиыр етін экспорттауға шартқа қол қойды.