2014 жылы Наталья Аман бастаған «THE FAMILY NEST» компаниясы мектепке дейінгі білім беруге маманданған. Бірінші филиал 2015 жылы ашылды және бүгінгі таңда үш филиал жұмыс істейді, онда 170-ке жуық бала оқиды. Мекемелерде әр түрлі форматтағы бір жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған топтар құрылды. «The FAMILY NEST» қызметтердің толық спектрін ұсынады: білім беру сабақтары, мектепке дайындық, үйірмелер, шеберлік сыныптары, тілдер мен кескіндеме бойынша оқыту.
2024 жылдың маусым айында компания «Үміт» әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы аясында бөбекжайдың үшінші филиалын ашу үшін коммерциялық үй-жай сатып алды. Кәсіпкерге «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да кредит беру мерзімі 84 ай болатын жылдық 16,5% мөлшерлемемен несие мақұлданды. Жоба аясында жиһазды сатып алу және жөндеу жұмыстары кәсіпкердің қаражаты есебінен жүзеге асырылды.